pdf (English)

Кілтті сөздер

саяси діл
азаматтық мәдениет
құндылықтар
егемендік
жаһандану
конституциялық реформа

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Бурова E., Қоянбаева G., & Адамиди A. (2026). ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ САЯСИ МЕНТАЛИТЕТІНІҢ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ: ВЕКТОРЛАР МЕН ПАРАДИГМАЛАР. Қазақстан-Спектр, 114(1). https://doi.org/10.52536/2415-8216.2026.114.1.003

Аңдатпа

Егеменді даму кезеңінде қазақстандықтардың саяси ділі (санасы мен мінез-құлқы) қарқынды трансформация үдерісін бастан кешіруде. Бұл үдеріс әлеуметтік-экономикалық және мәдени факторлардың ықпалымен және  қоғамдық сананы жаңғыртуға бағытталған мемлекеттік саясаттың және жаһандық үдерістердің әсерінен қалыптасуда. Мақалада азаматтық сананың құндылықтық трансформацияларына арналған қазақстандық зерттеудің бірқатар нәтижелері ұсынылады. Зерттеу әдіснамасы (жаппай сауалнама жүргізу, сараптамалық пікірлерді талдау және модельдік реконструкция) мемлекеттік сананы жаңғырту бағдарламаларын іске асыру барысында қол жеткізілген нәтижелерді бағалауға арналған. Көпқырлы талдау саяси ділдегі өзгерістерді және олардың қазақстандықтар тарапынан қабылдануы мен түсіндірілу ерекшеліктерін айқындауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, азаматтық құндылықтар матрицасының қалыптасу мәселелері мен мемлекеттік идеологемалар концептілерін қабылдау ерекшеліктері қарастырылады. Қоғамдық сананы жаңғырту міндеттерінің нәтижелілігі құндылықтық концептілердің қоғамдық ділі мен әлеуметтік практикада орнығуы тұрғысынан Конституциялық реформаның мақсат-міндеттерімен тығыз сабақтастықта талданады.

https://doi.org/10.52536/2415-8216.2026.114.1.003
pdf (English)
 Creative Commons лицензиясы

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution 4.0 бүкіл әлем бойынша .

Авторлық құқық (c) 2026 Қазақстан-Спектр