Аңдатпа
Мақала 2040 жылдар көкжиегіндегі Қазақстан жастары арасындағы болашақ жайлы мәдени-әлеуметтанулық талдауларды ұсынады. Гуманитарлық форсайт әдіснамасы мен елдің бес аймағында жүргізілген жиырмадай фокус-топ материалдарына сүйене отырып эмоциялар, бірегейлік және моральдық талаптар тоғысында авторлар жоспарлы үлгіні құрылымдайды. Жастар болашақтың баламалы траекториясын болжаушы ғана емес, сонымен қатар олар мәдени қатысудың формасы ретінде де айқындалып, субъектілік жоспарды тасымалдаушы ретінде қызығушылық тудырады. Талдау олардың әрқайсысы белгілі бір эмоционалдық реңк пен символдық тәртіпке өкілдік ететін төрт жоспарды анықтайды. Жұмыс жоспарлы модельдеу мен эмоциональды картографияның нарративті талдау әдісін біріктіретін аралас зерттеу аясы ретінде мәдени форсайттың әлеуетін айшықтайды. Алынған нәтижелер тек әлеументтанулық және футурологиялық дискурстар үшін ғана емес, болашақтың символикалық тәртібін қалыптастыруда жастарды тең серіктес деп танитын мәдени саясатты жасауда өзекті.

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution 4.0 бүкіл әлем бойынша .
Авторлық құқық (c) 2026 Қазақстан-Спектр

