Аңдатпа
Зерттеудің негізгі мақсаттарының бірі Орталық Азиядағы террористік қауіптің дәрежесін және аймақтық қауіпсіздік мәселелерін анықтау болды. Зерттеу The Jamestown Foundation Global Research & Analysis, Global Terrorism Database, Armed Conflict Location & Event Data Project және Джордж Вашингтон университетінің материалдарына негізделіп жүргізілді. Орталық Азия елдеріндегі халықаралық террористік әрекеттердің себеп-салдарын анықтап беретін әлеуметтік үдерістер мен факторлардың өзгеру динамикасын мониторингтеу қажеттілігі осындай зерттеудің өзектілігін көрсетіп, оған ерекше назар аударылды. Орталық Азия елдерінің қоғам мен мемлекеттік биліктің діни саланың қалай дамуы және қандай формаларды қабылдауы керек деген мәселе бойынша өзара әрекеттесу форматтарының болмауы, аймақтағы тұрақсызданудың белгілі бір қауіп-қатерлері мен тәуекелдерін туындатады. Сондықтан қысқа мерзімде әртүрлі экстремистік әрекеттерден тұратын – террористік шабуылдардан бастап, жаппай тәртіпсіздіктерге апаратын шараларды радикал діни және террористік топтар ұйымдастыруды өз мойнына алуы мүмкін әрі мұндай жергілікті тұрақсыздық ахуалы әлі де болса, ішінара қазіргі уақытта да тіркеліп жатыр.

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution 4.0 бүкіл әлем бойынша .
Авторлық құқық (c) 2026 Қазақстан-Спектр

