pdf (English)

Кілтті сөздер

ғылымды коммерцияландыру, технологиялар трансфері, инновациялық саясат, ҒЗӘ, халықаралық тәжірибе, Қазақстан, мемлекеттік реттеу

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Шерияздан A. ., Бөлегенова B. ., & Озгюр N. . (2026). ҒЗТКЖ КОММЕРЦИЯЛАНДЫРУДЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҮЛГІЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТЫНА БЕЙІМДЕУ. Қазақстан-Спектр, 114(1). https://doi.org/10.52536/2415-8216.2026.114.1.007

Аңдатпа

Бұл мақалада ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді (ҒЗТКЖ) коммерцияландырудың халықаралық үлгілері және оларды Қазақстан Республикасының ғылым мен инновациялар саласындағы мемлекеттік саясатына бейімдеу мәселелері қарастырылады. Зерттеу барысында АҚШ, Канада, Аустралия, Оңтүстік Корея және Еуропалық Одақ елдеріндегі технологиялар трансфері жүйесінің институционалдық және қаржылық тетіктеріне салыстырмалы талдау жүргізілді. Халықаралық тәжірибе университеттер мен өнеркәсіп арасындағы тұрақты әріптестік, технологиялар трансфері инфрақұрылымының дамуы, аралас қаржыландыру тетіктері және тиімді құқықтық реттеу жүйесі коммерцияландырудың негізгі факторлары екенін көрсетеді. Сонымен қатар Қазақстандағы ғылыми нәтижелерді коммерцияландыру жүйесінің институционалдық шектеулері мен даму әлеуеті талданды. Зерттеу нәтижелері халықаралық тәжірибені ескере отырып Қазақстанның ғылыми-инновациялық саясатын жетілдіру бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді.

https://doi.org/10.52536/2415-8216.2026.114.1.007
pdf (English)
 Creative Commons лицензиясы

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution 4.0 бүкіл әлем бойынша .

Авторлық құқық (c) 2026 Қазақстан-Спектр