Аңдатпа
Азаматтық белсенділіктің артуы, қоғамның әлеуметтік сезімталдығы мен саяси поляризациясының күшеюі жағдайында медиация Қазақстан Республикасында тек сотқа дейінгі дауларды баламалы түрде шешудің құралы ғана емес, сонымен қатар саяси тұрғыдан сезімтал контекстерде қоғамдық диалогты институционалдандыру тетігі ретінде ерекше мәнге ие бола бастады. Мақалада Қазақстандағы саяси медиацияның қолданбалы аспектілері үш өзара байланысты деңгейде – жергілікті, институционалдық және ұлттық деңгейлерде – талданады. Арнайы назар жергілікті деңгейдегі жағдайларға аударылады: тұрмыстық және этномәдени даулардан бастап халық пен жергілікті билік арасындағы сенімсіздік жағдайларына дейінгі оқиғалардың тиімді ерте әрекет ету тетіктері болмаған жағдайда жүйелі дағдарыстарға ұласу қаупі көрсетіледі. Автор саяси медиацияны тек жанжалды шешудің рәсімі ретінде ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етудің және азаматтардың саяси қатысуын кеңейтудің маңызды элементі ретінде қарастырады. Медиация қоғамдағы шиеленісті төмендетуге, коммуникацияны қалпына келтіруге және билік институттарының заңдылығын арттыруға ықпал ететін басқарудың орнықты тетігі ретінде сипатталады. Зерттеуде алдын алу тәсілінің маңыздылығы, көпдеңгейлі үйлестірудің қажеттілігі, медиативтік тәжірибелердің мәдени сезімталдығы және азаматтардың — олардың этникалық, діни немесе әлеуметтік тегіне қарамастан – бейбіт жолмен дауларды шешу үдерістеріне инклюзивті қатысуының маңызы атап өтіледі. Мақалада медиация инфрақұрылымын нығайту қоғамдық басқаруды демократияландыру мен әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етудің маңызды шарты болып табылатыны туралы қорытынды жасалады.

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution 4.0 бүкіл әлем бойынша .
Авторлық құқық (c) 2026 Қазақстан-Спектр

