pdf (Русский)

Кілтті сөздер

мәдени дипломатия
жұмсақ күш
неоосманизм
түрік телехикаялары
тарихи жад
халақаралық имидж
сыртқы саяси дискурс

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Ермекбаев, А., Екібасова, Ж., & Аскероглы Арслан, А. . (2026). XXI ҒАСЫРДАҒЫ ТҮРКИЯНЫҢ МӘДЕНИ ДИПЛОМАТИЯСЫ: ТЕЛЕСЕРИАЛДАР НЕООСМАНДЫҚ ИДЕОЛОГИЯНЫ ДАМЫТУ ТЕТІГІ РЕТІНДЕ. Қазақстан-Спектр, 114(1). https://doi.org/10.52536/2415-8216.2026.114.1.009

Аңдатпа

Мақала XXI ғасырдағы Түркияның мәдени дипломатиясы аясында түрік телесериалдарының неоосманшылдық идеологияны дамытудағы рөлін талдауға арналған. Зерттеудің эмпирикалық және теориялық негізі мәдени дипломатия, «жұмсақ күш», неоосманизм тұжырымдамаларын қарастыратын отандық және шетелдік ғылыми еңбектерге сүйенеді. Талдау нәтижесінде түрік телесериалдарының халықаралық аудиторияға ықпал ететін бірнеше негізгі тетігі айқындалады: тарихи жадыны қайта құру, ортақ мәдени-өркениеттік кодтарды дәріптеу және Түркияның оң имиджін қалыптастыру. Зерттеу телесериалдардың Таяу Шығыс, Балқан және Орталық Азия кеңістігінде кеңінен таралуы мәдени жақындықпен қатар, мақсатты мәдени саясаттың нәтижесі екенін көрсетеді. Мақаланың ғылыми жаңалығы телесериалдарды тек мәдени өнім емес, заманауи сыртқы саяси дискурстың белсенді элементі ретінде қарастыруымен айқындалады. Авторлық тұжырымдар мәдени дипломатияның медиформаттар арқылы жүзеге асу ерекшеліктерін түсіндіруге және неоосманшылдық идеологияның қазіргі ақпараттық кеңістікте таралу механизмдерін жүйелеуге мүмкіндік береді. Зерттеудің практикалық маңызы халықаралық мәдени ықпал ету стратегияларын талдау және медиа өнімдердің сыртқы саясаттағы орнын бағалау мәселелерінде көрініс табады.

https://doi.org/10.52536/2415-8216.2026.114.1.009
pdf (Русский)
 Creative Commons лицензиясы

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution 4.0 бүкіл әлем бойынша .

Авторлық құқық (c) 2026 Қазақстан-Спектр